Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЗаң мен тәртіп

«Мен бәрінен айырылдым – бостандықтан, отбасымнан, балаларымнан» — алаяқтық үшін сотталған әйелдің хикаясы

Маңғыстау облысында 23 жастағы әйел 17 эпизод алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, ол таныстарына «тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырып беремін, кейін үстеме пайызымен қайтарамын» деп сендірген. Аңғал азаматтар өз аттарына несие ресімдеген, ал алынған қаражат сотталған әйел мен оның туыстарының есепшотына аударылып отырған.

Сотта ол кінәсін толық мойындап, көз жасын тыя алмады. Үкім жарияланған соң, ол сот залында қамауға алынып, түзету мекемесіне жіберілді.

«Мен бәрінен айырылдым – бостандықтан, отбасымнан, балаларымнан. Күйеуім кетіп қалды. Екі кішкентай баламды көрмегелі бір жылдан асты. Олар мені осындай жерде көргенін қаламаймын. Ашкөздік пен ақшаға деген құмарлық өмірімді күйретті. Енді тек өкінуден басқа амалым жоқ», – деді ол көз жасына ерік беріп.

Қазір оған тек анасы ғана келеді. Екі кішкентай бала ана мейірімінсіз өсіп жатыр. Сотталған әйел балалардың көзіне қарауға ұялатындығын, «кінәдан өртеніп жүргенін» жасырмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында зейнеткерлерді өлтірген қылмыскер 12 жылдан кейін ұсталды

admin_altyalash

Алғашқы өңірлік энергетикалық форумы

admin_altyalash

Жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде берген алаяқ ұсталды

admin_altyalash