Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс болды

Фото: polisia.kz
Басқарма мен комитет басшылары ауысты

ІІМ-де ауыс-түйіс болды, деп хабарлады polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы қызметіне Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін басқарған.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Бұған дейін ол Шымкент қаласы және Түркістан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарған.

Сондай-ақ Жетісу облысы полиция департаментінің басшысы қызметін Сарқытбай Құсайынов атқаратын болды. Бұл қызметке дейін ол ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында биылғы жазда 5000-ға жуық бала лагерьлерде демалады

admin_altyalash

Мемлекет пен бизнестің бірлескен еңбегінің нәтижесі

admin_altyalash

Опа бермеген онлайн несие

admin_altyalash