Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегіне байланысты шағым түсірді

Фото: ҰОК

 — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді.

«Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз. Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», – деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан шамалы уақыт бұрын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды

admin_altyalash

Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға баса назар аудару қажет

admin_altyalash

Облыс әкімі қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

admin_altyalash