Майқайыңдағы апат: полиция қылмыстық істі тергеп жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Майқайыңдағы апат: полиция қылмыстық істі тергеп жатыр

23.01.2024
0
Майқайыңдағы апат: полиция қылмыстық істі тергеп жатыр
фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Павлодар облысының ПД тергеу басқармасы 2024 жылғы 4 қаңтарда Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі «Майкаинзолото» АҚ аумағында болған оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.​

Айта кетсек, жолдың опырылуы салдарынан тау-кен карьеріне апаттық-құтқару қызметінің 4 қызметкері бар автобус құлағаны анықталып, 2 адамның денесі сол күні шығарылған еді. Кейін тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Іс бойынша процессуалды прокурорлар тағайындалды.

Қазба орнынан автобустың бірнеше фрагменттері мен құтқарушылардың жеке жабдықтары жер бетіне шығарылған. Қазір оқиға орнына жол салу үшін топырақ шығарылып, геосканерлеу жүргізіліп жатыр. Шағын көлемді экскаваторлар түсіріліп, қалған 2 құтқарушыны іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Алайда тау жыныстарының тұрақсыздығына және шұңқыр астында қуыс жерлер пайда болып, оған жоғарыдан топырақтың құйылуына байланысты жұмыс қиындап кеткен.

Жалпы, іздестіру-құтқару жұмыстарына 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде кәсіпорынның 40-тан астам қызметкерінен, сондай-ақ ЖШС басшылығынан жауап алынды. Сондай-ақ қажетті құжаттар мен бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар қаралып жатыр.

Іс бойынша жолдың опырылып құлау себептерін анықтау үшін елдің әртүрлі аймақтарынан тау-кен құрылыс жұмыстары саласының мамандарын тарта отырып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Тергеу Бас прокуратураның бақылауында.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада жер сілкісіні болуы мүмкін бе – министр жауап берді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.