«Охотзоопром» қызметкерлері буаз киіктерді атып жатыр – депутат – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Охотзоопром» қызметкерлері буаз киіктерді атып жатыр – депутат

24.01.2024
0
«Охотзоопром» қызметкерлері буаз киіктерді атып жатыр – депутат
фото: albercul.livejournal.com
Олар салалық министрлік қабылдаған регламентке сай жұмыс атқармаған

Бүгін Мәжілісте депутат, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин Бас прокурор Берік Асылов пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа ақбөкендердің аяусыз қырылуына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, кезінде 2 миллион басқа дейін өскен киіктің саны 2003 жылы 21 мың басқа кеміп кеткен.

Өткен жылдан бері «киіктің қатары қоюланып кетті, егінге түседі» деген шаруалардың уәжін естіп жатырмыз. Сол себепті 2024 жылдан бастап киікті азайтуға мемлекеттік органдардан ресми түрде рұқсат берілді. Алайда құзырлы орындар «азайту» дегенді «аяусыз қыру» деп түсінген сияқты. Таяуда Ұлытау облысы Жаңарқа ауданының Қызылжар ауылында «Охотзоопром» ӨБ» қызметкерлерінің киік санын азайту желеуімен буаз киіктерді атып жатқаны жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды, – деді депутат.

Бұл ретте ол киіктердің популляциясын шаруаларға зиян тидірмейтіндей, халықты дүрбелеңге салмайтындай етіп реттеу қажеттігін еске салды. Айтуынша, «Охотзоопром» ӨБ» қызметкерлерінің жасаған бұл қадамына құзіретті орындар құқықтық бағасын беруі керек.

«Аталған мекеме қызметкерлерінің салалық министрлік қабылдаған регламентке сай жұмыс атқармағаны белгілі болды.

Біріншіден, ақбөкендер ауыл маңына 10 шақырым жақындағанда жауапты мекеме қызметкерлері елді дүрліктірмей, халыққа бірінші кезекте құлақтандыру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуі керек.

Екіншіден, ақбөкендердің популляциясын шектеу шараларын орындау – жаппай қыру емес. Ақбөкендер табынын санитарлық реттеу үшін ақсақ-тоқсағын, кәрі-құртаңын, ауру-сырқауын бірінші нысанаға алу керек.

Үшіншіден, ең бастысы, ақбөкенді буаз кезінде азайту шаралары іске асырылмауға тиіс», – деді Ерболат Сатыбалдин.

Осы жайттарды ескере келе, ол аталған ведомство басшыларына депутаттардың мынадай ұсыныстарын жеткізді:

  • Бас прокуратура мәселенің мәнін терең қарастырып, «Охотзоопром» ӨБ» қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық бағасын беруі керек;
  • Экология және табиғи ресурстар министрлігінің киік санын азайтуға бағытталған шараларды толық пысықтап, тиісті регламентке өзгерістер енгізуі қажет;
  • Тиісті регламентке киіктердің табынын реттеуді ақбөкеннің лағы аяқтанған кезең мен күйекке түсер мезгіл арасында, яғни қазан, қараша айларында іске асырылуға тиіс деген өзгерістің енгізілгені маңызды;
  • Киікті атудың маусымдық шараларын іске асыруда жауапсыздық танытқан қызметкерлерге шара қолданылсын.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада жеке сот орындаушылар жауапкершілікке тартылып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елімізде 20-30 жастағы қыз-келіншектер жатыр мойны обырына жиі шалдыға бастады – онколог

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.