Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Майқайыңдағы апат: комиссия тергеу нәтижесін жариялады

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі жарияланды. Соған сәйкес, комиссия 7 жауапты адамды анықтады.

Олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болды, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді.

Тергеуге 4 сараптамалық ұйым, оның ішінде Ресей сарапшысын тартып, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізді. Сонымен қатар комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеген.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша апаттың себептері:

  • жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмау;
  • «Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмағаны;
  • блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмағаны.

Сонымен қатар бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмеген. Ал тау массасы кенеттен опырылып түскен.

Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздің негізгі басымдықтарының бірі-сапалы білімге тең қолжетімділік

admin_altyalash

Конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады – Мемлекеттік кеңесші

admin_altyalash

Тұрғындар бұл көпірдің тезірек пайдалануға берілгенін күтіп отыр

admin_altyalash