Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Көкшетаулық азамат әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 3 жылға сотталды

Фото: baq.kz
Оның кінәсі әлеуметтік желідегі жазбасы, куәгерлердің айғағы, сот сараптамалары нәтижесі арқылы расталды.
Ақмола облысының тұрғыны діни алауыздықты насихаттағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көкшетеу қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау тұрғыны И. Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған жазба мен видео жариялаған.

Сотта бұл іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды. Оның кінәсі әлеуметтік желідегі жазбасы, куәгерлердің айғағы, сот сараптамалары нәтижесі арқылы расталды.

Сот жаза тағайындау барысында кінәлінің кәмелетке толмаған балаларының барын және бұрын сотталмағанын ескерді.

Осылайша сот үкімімен И. 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Әзірге сот актісі заң күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов егін жинау науқанын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды 

admin_altyalash

Атырауда білім беру саласына жасанды интеллект енгізілуде

admin_altyalash

УАҚЫТЫНДА СКРИНИНГТЕН ӨТУ МАҢЫЗДЫ

admin_altyalash