Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғамСпорт

Ербол Қарашөкеев Азия чемпионатының жүлдегерлеріне құрмет көрсетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Азия чемпионатының жүлдегерлері Алматбек Аманбек пен Әйгерім Сәттібаеваны қабылдады.
Кездесу барысында өңір басшысы қос спортшының жетістігін темірдей тәртіп, табандылық және жоғары кәсібиліктің жемісі деп бағалады. Сонымен бірге олардың жеңісіне үлес қосқан жаттықтырушыларға ерекше алғыс айтты.
Алматбек Аманбек – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 2026 жылғы 6-12 сәуір аралығында Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында 72 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын медаль иегері атанды. Финалда ирандық Мохаммад Джавад Саадат Резаимен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ал Әйгерім Сәттібаева Ұлан-Батыр қаласында бокстан ересектер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медаль еншіледі. Айгерім Бауыржанқызы – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері, ел чемпионатының бірнеше мәрте жеңімпазы әрі жүлдегері. Бес баланың анасы.
Ербол Қарашөкеев ел мерейін үстем еткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қаржылай сертификаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Айдос Сұлтанғали Грек-рим күресінен алғаш рет алтынға қол жеткізді

admin_altyalash

Қазақстанның бірнеше облысында тұманға байланысты дауылдық ескерту жарияланды

admin_altyalash

Орман экожүйелері: әкімдіктерге «Атамекен» ҰКП бастамасымен тапсырмалар берілді

admin_altyalash