Жұмысы ауыр, еңбегі адал жұмысшылардың жалақысын екі есеге өсіру керек – Жұлдыз Сүлейменова – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жұмысы ауыр, еңбегі адал жұмысшылардың жалақысын екі есеге өсіру керек – Жұлдыз Сүлейменова

31.01.2024
0
Жұмысы ауыр, еңбегі адал жұмысшылардың жалақысын екі есеге өсіру керек – Жұлдыз Сүлейменова
сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды

Үкімет азаматтық қызметшінің айлығын арттырып, осы еңбегі ауыр жұмысшылардың мүддесін ескермей келеді, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик санатындағы жұмысшылардың айлығы өсуі керек. Осы мәселені көтерген депутат Жұлдыз Сүлейменова AMANAT партиясы фракциясының депутаттары атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

Жыл сайын Үкімет тарапынан азаматтық қызметшілердің жалақысында біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылып, жалақылары өсіп келеді. Өкініштісі сол, мекемелердің қызметін еден жуушы, аула тазалаушы, сантехник, плотник, электрик секілді қарапайым еңбек адамдарының күнделікті ауыр жұмыстарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес болса да бүгінде осы аталған жұмысшылар азаматтық қызметшілер реестірінде жоқ. Сондықтан, Үкімет тарапынан азаматтық қызметшінің айлығын арттырғанда, осы еңбегі ауыр жұмысшылардың мүддесі ескерілмей келеді, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Әсіресе, денсаулық сақтау, оқу-ағарту саласындағы ең ауыр жұмыстарды атқаратын жұмысшылардың айлық жалақысы төмен. Мысалы, мектептердегі еден жуушы – 82 856 теңге, электрик 81 575 теңге, аула сыпырушы – 79 317 теңге. Бүгінгі таңда, тек орта білім саласында 216 мыңнан астам осы санаттағы жұмысшылар бар, олардың 254 мыңы қолына тиетін айлық жалақысы 74 мың теңгеден 85 мың теңге аралығында.

Білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріндегі орта және кіші буын мамандары мен қызметшілердің еңбекақысын кемінде екі есеге көтеру қажет деп санаймыз. Атқаратын жұмысының күрделілігіне және ауырлығына әрі ерекшелігіне қарай лайықты жалақы тағайындалуы тиіс деп есептейміз. Себебі, жалақы әлеуметтік жағдайды, күнкөріс деңгейін, денсаулығына және балаларын өсіп-жетілдіруге жеткілікті болуы шарт. Әлеуметтік әділдік заманында жұмысы ауыр, еңбегі адал жұмысшылардың жалақысы артуы қажет. Халқымызда «Еңбек адамы – елдің құты» деген жақсы сөз бар. «АMANAT» партиясының фракциясы қарапайым еңбек адамдарына санатындағы жұмысшыларға лайықты жалақы төлеудің шын мәнінде әділ әрі бірыңғай жүйесін құру жөнінде ведомствааралық жұмыс тобы құрылуы кезек күттірмейтін мәселе деп білеміз, – деді депутат.

Осыған байланысты депутаттар мынадай ұсыныс айтты:

  1. Оқу-ағарту министрлігі 2016 ж. 29 қаңтардағы № 123 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығымен бекітілген  Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін қайта қарап, еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик санатындағы жұмысшылардың осы тізілімге енгізілуін қарастырсын.
  2. Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, республикалық бюджетті нақтылау кезеңінде аталған жұмысшылардың базалық лауазымдық жалақысын инфляцияға және жұмыстардың күрделілігіне сәйкес ұлғайтуды қарастырсын.
  3. Оқу-ағарту министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик санатындағы жұмысшылардың еңбек демалысына төленетін төлем мөлшеріне сауықтыру жәрдемақысы қосу мүмкіндігін қарастырып, республикалық бюджеттен шығындарын есептесін.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасайтын түркістандық оқытушы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Депутаттар тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты заңды қатаңдатуды сұрады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.