Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Абай облысында ер адам түрмедегі досына тыйым салынған заттар жеткізбек болған

Фото: polisia.kz
Абай облысында ер адам сотталған досына тыйым салынған заттар жеткізбек болған, – деп хабарлайды altyalash.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
№19 мекемеде тәртіп бөлімінің тексеру тобы қызметкерлері тыйым салынған затты, яғни телефон мен қуаттағышы және құлаққап жеткізу әрекетінің алдын алды.

44 жастағы Семей қаласының тұрғыны сотталған досына қысқа мерзімді кездесуге барған. Тексеру тобы қызметкерлері азық-түлік өнімдерін тексеру барысында торттың ішінен телефон, нанның ішінен қуаттағыш құрылғы мен құлаққапты тапқан.

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды, – деп түсіндірді тексеру тобының аға жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.

Ұқсас жаңалықтар

Жас ғалымдар робот-­курьер жасап шығарды

admin_altyalash

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру

admin_altyalash

2029 жылға дейін 5 млн адамға жасанды интеллект дағдылары үйретіледі – Министр

admin_altyalash