Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланады – Бағдат Мусин – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланады – Бағдат Мусин

01.02.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Александр Павский/ Kazinform

 – Қазақстанда электронды үкіметті енгізу көрсеткіші жылдан жылға артып келеді, бұл ретте 2023 жылы онлайн режимде 50 млн қызмет көрсетілді, қызметтердің 92%-ы азаматтарға үйден шықпай-ақ қолжетімді болды. Бұл туралы Digital Almaty 2024 форумының панельдік сессиясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты-деп хабарлайды altyalash.kz сайты Kazinformге сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, проактивті қызметтерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді, қазіргі уақытта мұндай қызметтердің 46 түрі бар және олар 2 млн-нан астам рет көрсетілген.

«Қазір бізде электрондық үкіметтің орасан зор экожүйесі қалыптасты, оған мемлекеттік порталдармен қатар, банктік қосымшалар еніп, басқа да сервистер мен стартаптар кіре бастады. Біз мемлекет ретінде өнімдер мен қызметтерді құруға арналған көптеген құрал түрін ұсынамыз. Govtech бойынша көшбасшылардың бірі ретінде біз өз құзыреттерімізбен, тіпті дайын өнімдерімізбен бөлісу жауапкершілігіне иеміз. Мәселен, 2023 жылы Тәжікстан Республикасына 3 жүйе берілді. Олар – CPU, Smart Bridge, GOV.kz. Біз табысты және дәлелденген өнімдерді серіктес елдерімізге қайтарымсыз ұсынамыз», – деді Бағдат Мусин.

Ол сондай-ақ өз сөзінде ең танымал 45 сервис пен мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы қолжетімді екенін атап өтті. Мәселен, олардың ішіндегі ең танымалдары – автокөлікті онлайн сату. Бұл ретте егер бұрын мәмілелердің шамамен 10%-ы онлайн өтсе, мемлекеттік қызметке реинжиниринг жүргізіліп, оны банктердің қосымшаларына шығарған соң онлайн сатылымдардың үлесі 75%-ға дейін өсті.

«Мұндай жетістіктерге Қазақстанның электрондық үкіметінің негізгі компоненттері нәтижесінде қол жеткізілді. Олар – Smart Bridge интеграциялық платформасы (бизнеске жаңа өнімдер мен сервистер құруға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистерге бизнесті 1700-ден астам қосу), Smart Data Ukimet (деректерді айқас талдау және басқару шешімдерін қабылдауды қолдауға арналған кеңістік), GOV.kz (еліміздің бірегейленген стандарт бойынша жұмыс істейтін барлық мемлекеттік органдары сайттарының бірыңғай платформасы), Е-нотариат (цифрлық нотариат), Е-өтініш (халық үніне құлақ асатын мемлекеттің қағидаттары), Е-денсаулық (өз медициналық деректеріне қол жеткізу) және Е-салық (салық әмияны)», – деді Бағдат Мусин.

Аталған қызметтердің барлығы Egov superapp-та қолжетімді. Ол 850 сервис, қағаз нұсқаны алмастыратын 31 цифрлық құжат, мемлекеттік сервистердің маркетплейсі.

«Бұларға толығымен онлайн көрсетілетін нотариаттық қызметтерді және салық әмиянын, түймешені бірнеше рет басу арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беру қызметтерін жатқызуға болады. Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланады. Енді біз қолданыстағы барлық компонентті бірыңғай GovTech платформасына – KazTech-ке біріктіреміз, онда біз қазірдің өзінде ашық регламенттер мен ережелерді енгіземіз. Біздің бағалауымыз бойынша, әр жобада орташа алғанда, шамамен 40% ұқсас процестер мен талаптарды автоматтандыру бар»,– деп қорытындылады сөзін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.