Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗаң мен тәртіп

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 530 млн теңге ұрланғаны анықталды

фото:istockphoto.com
Түркістан облысының прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады altyalash.kz

«Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды»,- делінген хабарламада.

Келтірілген залалдың соммасы 530 млн теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Более 19 тыс. км сетей отремонтировано в Казахстане: снижается износ и растет надежность ЖКХ

admin_altyalash

Автомобилестроение Казахстана демонстрирует рекордные показатели роста

admin_altyalash

Казахстан усилил позиции в предметных рейтингах QS 2026

admin_altyalash