Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЗаң мен тәртіп

Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары алаяқтық жасаған

Фото: polisia.kz

— Ақмола облысында алаяқтық жасаған Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты екі ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы түрінде санкция берді.

«Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары «Д.» мүлікке қарсы ауыр қылмыс — алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-бөлімшесі)», — деді ведомстводан

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен түсіндіргендей, сотталушы 2024 жылдың 26 қаңтарында өз еркімен жұмыстан кеткен.

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM

Ұқсас жаңалықтар

Изменится механизм очередности на жилье – принят соответствующий документ

admin_altyalash

Формирование культуры заботы о репродуктивном здоровье — это не разовая кампания, а стратегическая задача, требующая постоянства, координации и вовлеченности

admin_altyalash

Казахстан признан одной из самых безопасных стран мира

admin_altyalash