Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Президент «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Фото: akorda.kz

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, деп хабарлады altyalash.kz

Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіптің» былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріліп, компанияның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен жоспарлары таныстырылды.

Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өнімдерін өндіру көлемі 21 мың тоннадан, ал сату көрсеткіші 18 мың тоннадан асқаны баяндалды. Мейіржан Юсуповтың айтуынша, 2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан. Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64 пайызы осы транзит дәлізі арқылы тасымалданған.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы іске асырып жатқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар президентке минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жұмыстары туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Назым Қызайбай – Олимпиаданың қола жүлдегері

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті

admin_altyalash

Шетелден инвестиция тарту жөнінде нақты жоспар әзірлеуді тапсырды

admin_altyalash