Шетелде жасалатын онкологиялық отаның бәрін қазақстандық дәрігерлер де істей алады – онкохирург – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Шетелде жасалатын онкологиялық отаның бәрін қазақстандық дәрігерлер де істей алады – онкохирург

06.02.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Алматы ӨКҚ

 – Алматы онкологиялық орталығының хирургиялық қызметінің басшысы Нұрлан Балтаев кейбір қазақстандықтардың неліктен өз елінде емес, шетелде онкологиялық терапия мен хирургиялық емделгенді қалайтынын айтты.

«Біздің кейбір отандастарымыз медициналық туризммен алыс-жақын шетелге барады. Дегенмен ол жақта көрсетілетін көмекті біздің елде де тегін алуға болады. Шетелдік клиникаларда мамандар қолданылған емдеу әдісі үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді. Біз бәріміз бір хаттама бойынша жұмыс істейміз. Сәйкесінше, қазақстандық әдістер осы хаттамаларға бейімделген. Мұның бәрі науқастың жағдайына байланысты. Ешқандай айырмашылық жоқ. Шетелдік емханаларда қызмет көрсету жақсырақ. Яғни, қомақты ақшаға жеке дәрігер мен жеке медбике береді. Барлық айырмашылық осы», – деді ол.

Айтуынша, әлемде бар әдістің бәрін Қазақстан да қолданады.

«Біз ұзақ уақыт бойы барлық органға шағын инвазивті хирургиялық әдістерді қолданып келеміз. Біз қашан да шетелден келген әріптестерімізбен тәжірибе алмасамыз, олар біздің деңгейімізді, әсіресе лапароскопиялық хирургияны жоғары бағалайды. Бес жыл бұрын шағын инвазивті хирургия, яғни кесусіз жасалатын ота, бізде 10 пайыз болған. Қазір бізде жасалатын барлық отаның 50 пайыздан астамы шағын инвазивті әдіспен жасалады. Оның үстіне бұл отаның барлығына мемлекет кепілдік береді», – дейді маман.

Спикердің сөзінше, онкология тек хирургиялық жолмен емделетін ауру емес, онкологиялық ауруды емдеу қиын әрі қымбат. Отадан басқа, науқасқа химиотерапия және сәулелік терапия қажет болуы мүмкін.

«Мұның барлығы, әрине, шетелде қыруар қаржыны қажет етеді. Оңтүстік Корея, Түркия не Германияда қолданылатын барлық заманауи технология біздің тұрғындарға тегін беріледі. Тек 2023 жылдың өзінде Алматы онкологиялық орталығында 2681 операция жасалды. Оталардың 55%-да шағын инвазивті әдіс қолданылды»,-дейді ол.

Онкологиялық орталықта химиотерапияның 50-ге жуық түрі, 40-тан астам мақсатты және гормондық препарат қолданылып, соның арқасында 18 790 науқас химиотерапиялық ем алған.

«Қатерлі ісікке шалдыққан 1064 науқасқа 19 мыңға жуық сәулелік терапия сеансы жасалды. 10 мыңға жуық адам амбулаторлық химиотерапия кабинетінде ем алды», – дейді онколог.

АЛМАТЫ. KAZINFORM

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жаңа Үкімет маңызды шешімдерді шұғыл қабылдауы керек — Тоқаев

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды — Олжас Бектенов

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.