Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиЗдоровьеНовости

Түркістан облысында 18 жастағы келіншек перзентханада көз жұмды

фото:Ашық дереккөз
Түркістан облысында босануға барған 18 жастағы келіншек ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады altyalash.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Севара Абдуллаева Қарабұлақ ауылының ауруханасына толғақпен түскен. Марқұмның туыстары келіншектің ешқашан ауырмағанын айтады. Қажетті ем-домның бәрін жасадық деген медициналық мекеме қызметкерлері өлімнің нақты себебін сараптама ғана айқындайтынын айтты.

Марқұм 24 қаңтар күні тұңғышын дүниеге әкелген. Алайда үш күн өткеннен соң келіншек жансақтау бөліміне түскен.

Дәрігерлер үш күн палатада жатқан Севараның кенеттен жүрегі қысылды дейді. Сондықтан бірден жансақтау бөліміне жатқызып, облыстың ең білікті деген мамандарын санавиациямен шақырттық дейді. Бірақ мамандар шалғайдан жеткенше өмірден озды дейді. Ал мәйітті тексерген Шымкенттің паталого-анатомиялық бюросы келіншектің өкпе тамыры үзіліп кеткенін айқындапты.

 «Ол сараптама қорытындысы, алдын ала болжамы өкпе тамыры тромбоэмболиясы деген. Қорытындысынан кейін бірнеше комиссия келіп, бұл іс тексерілетін болды, бақылау комитеті жағынан, денсаулық басқармасы жағынан. Одан бөлек өздері ішкі істер бөліміне арызданды. Ол жақтан да тергеу жүргізілуде», — деді Қарабұлақ ауруханасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.

Ұқсас жаңалықтар

Интервидение-2025: Казахстан представит Амре и восьмилетнюю Жасмин

admin_altyalash

Токаев: 10 самых загрязненных городов газифицируют к 2025 году

admin_altyalash

Казахстан разработал Концепцию управления всеми видами отходов на 2026–2030 годы

admin_altyalash