Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Тегіңді қазақшалап, телефон ұтып ал»: Баянауылда ерекше ұтыс жарияланды

Фото: Kazinform

 — Байқауға жасы он алтыдан асқан, жеке куәлік немесе төлқұжатты жаңадан алған кез келген азамат қатыса алады. Жеңімпаздар Наурыз мейрамында марапатталады-деп хабарлайды altyalash.kz Kazinformге сілтеме жасап.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Баянауыл аудандық филиалы «Тегіңізді қазақшалап, телефон ұтыңыз» атты ұтыс ойынын жариялады.

«Ұтыс ойынының шарттары қарапайым. Аты-жөніңіз бен тегіңізді „Халыққа қызмет көрсету орталығына“ барып қазақшалаған соң 1414 нөмірінен келген хабарламаны скриншот жасап, ескі және алмастырылған аты-жөніңіз бен мекенжайыңызды толық жазып, 87056002260 whatsapp нөміріне жолдауыңыз қажет. Аты-жөні бұрыннан қазақша жазылған азаматтар қатыса алмайды. Ұтыс ойынының жеңімпаздары Instagram-дағы @qazaqtili_qogamy_baianauyl парақшасында тікелей эфирде анықталады», деп хабарлады бірлестік филиалының төрағасы Мұсабек Сейсенбекұлы.

Жүлдеге SAMSUNG A34 маркалы екі смартфон тігіледі. Жеңімпаз 19 наурыз күні анықталып, Баянауыл ауылында өтетін Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарламада марапатталады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

admin_altyalash

Конверт дауы: Ақтөбеде қызметтік тексеру жүріп жатыр

admin_altyalash

Жыл соңына дейін мыңнан астам шамды жаңарту жоспарланып отыр

admin_altyalash