Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамЭкономика

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалар бойынша жалға берілген баспананы сатып алу құқығы беріледі

Фото: Kazinform

 — Бұған дейін қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша алынған жалға берілетін баспананы сатып ала алмайтын. Қазір оның тетігі өзгеріп жатыр. Яғни, қазақстандықтарға жалға берілетін баспананы сатып алу құқығы беріледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты-деп хабарлайды altyalash.kz Kazinformге сілтеме жасап.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл мәселені пысықтап жатыр және жақын арада құжат қабылданып, жарияланады. Алайда, осыған қатысты 2016 жылы шешім қабылданған еді. Бұл ретте, жекешелендіру мүмкін емес, яғни сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бар. Енді тәсілдер өзгереді. Сондықтан ведомство осы тетікті пысықтайды. Атап айтқанда, осы бағытта тиісті ерекшеліктерді назарға алып, өңірлердегі жағдайды қарастыру керек», – деп түсіндірді Роман Скляр.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сатып алу құқығы берілетінін, тетіктің өзі жақын арада егжей-тегжейлі қаралатынын нақтылады.

Ұқсас жаңалықтар

Әзірше 89 ел Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатынын растады

admin_altyalash

Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет бизнесті қолдау шараларын қайта қарады

admin_altyalash

Баскетболшы ойыннан кейін бүйрегінен айырылды

admin_altyalash