Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарРуханият

Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

фото:ашық дереккөз
Бүгін ақиық ақын, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толды. Осыған орай бүгін Ақпарат және мәдениет министрлігі ақиық ақынның шығармашылығына арналған телевизиялық концертті Хабар арнасында ұсынады.

Айта кетейік, Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылында дүниеге келген. Балалық бал дәурені соғыста қаза болған өз тұстастары секілді еңбекке ерте араласқан Мұқағали ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Кейін Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде, мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарады.

Мұқағали Мақатаев «Армысыңдар достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Жырлайды жүрек», «Жылап қайттым өмірдің базарынан» сияқты көптеген жыр жинақтарының авторы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты.

admin_altyalash

Олжас Бектенов Президенттің «Жезқазған – Қызылорда» автожолын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді

admin_altyalash

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

admin_altyalash