Мен Маңғыстау тұрғыны боп, осы ауылда туып, өніп-өскен,
Маңғыстауда болып жатқан 72 күн еңбек дауына немқорлы қарай алмаймын.
Заң бойынша Әкімшілік мекеменің жұмысына араласа алмайды.
Соның өзінде облыс Әкімшіліктің алдында Жетібайдан келген қәриалардың алдына облыс апарат басшысы А. Қалмуратов шығып Еңбек дауы заң шеңберінде шешілуі қажет деген. Ол үшін жұмысшылар Еңбек қорғау департаментіне, прокуратураға, сотқа арыз жазуға құқылы.
Бірақ та Вест Ойл компаниясының жұмысшылары бізді КМГ-ға алыңыз деп қатып қалған.
Мен 30 жыл кәсіподақта жүріп, әртүрлі жағдайларды қөргенбіз.
Өкінішке орай, әр түрлі адамдар өз пайдасын ойлап Халықты пайдаланып өздері жазадан құтылып кетеді, Оны біз 2010 Қаражанбаста ,Құрықта, Ерсай компаниясында,
2011 Жаңаөзен өқығасында қөргенбіз .
Екі арада шыбын өледі деп, қансырайтын бишара Халық.
Сол себептен, мәселені Заң түрінде шешу қажет, әр бір адамның артынан ермей, жұмысшы өз қарабасын ойлау керек, біреудің қолында пластелін болмай.
Үкімет өз жағынан әрекет істеп жатыр, 72 күн жұмыс шықпаған үшін ҚР ЕК 52 бап 8 тармағын қолданбай келе жатыр.
Бірақ та заң жұмыс істемеген жерде хаос болады.
Көп ұзамай үкімет тәртіпке шақырады.
Жұмыссыздық тізімінде тұрған 20 000 адамдар кәзір сіздің орныңызды армандап тұр.
Сол себептен, Еңбек дауы ұшығып кетпей тұрғанда, ақылға салып жұмысты жалғастырған жөн.
Болмаған жағдайда жумысыңыздан айырылып қаласыңыз.