«Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар» – Бақытжан Базарбек – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар» – Бақытжан Базарбек

21.02.2024
0
«Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар» – Бақытжан Базарбек

фото:ашықдереккөз

«Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек “Ескі Қазақстан” өкілдерінің жерлерді қалай заңсыз иемденіп алғандығы туралы айтты, 

«Біз ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 10 млн гектарға дейін қайтаруға қол жеткіздік. Бұлар мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлер. Соның ішінде, 87%-ы игерілмеген жерлер, пайдаланбаған. Назарбаевтың кезінде, жемқор жүйенің кем тұстарын пайдаланып жерлерді ала берген. Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар. Аудан әкімі, ауданның прокуроры, ауданның соты бар, шенеуніктері бар, міне, соны пайдаланған. Аудан, облыс деңгейіндегі кішігірім олигархтары бар. Сол кішігірім олигархтарының өздері прокурормен, әкіммен, полициямен ауыз жаласқан. Солар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді былай қойғанда, су қорына енетін жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорына кіретін жерлердің барлығын алып алған. Елді мекенді жерлерді алып алған. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде сол жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылып жатыр», – деді депутат Adal Adam Youtube арнасына берген сұхбатында .

Бақытжан Базарбек “Жер аманаты” аясында қарапайым шаруалардың жерін тартып алып жатыр деген пікірлермен келіспейтінін айтты.

«Себебі, жер мәселесіне келгенде қарапайым адамның жері ме, олигархтардың жері ме деп бөлмейміз. Жер кодексінің 92 бабы бар, 92 баптың 3-тармағына сәйкес, егер де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілген сәттен бастап бір жылдың ішінде пайдаланбаса, онда ол мемлекеттік меншікке қайтарылады. Жер ресурсын басқару департаменті осы уәкілетті органы ретінде сотқа талап арыз бере алады. Ал «Жер аманаты» комиссиясы тиісті тексерісті ашуға септігін тигізеді. Соның нәтижесінде, игерілмесе, пайдаланбаса, соның ішінде жерлерді заңсыз алған адамдар ішінде жай адамдар да болуы мүмкін, олигархтар да болуы мүмкін. Жер кодексінің 92, 93, 94 бабы бұзылды ма, біз ол жерді мемлекетке қайтаруға барлық шараны жасаймыз», – деді Б.Базарбек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ата дәстүрді жалғастыруды мақсат етіп қойдым – Қазақстаннан шыққан тұңғыш бүркітші қыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еңбек дауы заң шеңберінде шешілуі қажет

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.