Жетісу облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан бір адам көз жұмды,
Жол апаты 21 ақпанға қараған түні Сарқан ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 455-шақырымында болған. Nissan Terrano жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Жолаушы ретінде кетіп бара жатқан әйел түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.