Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

26.02.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: prosports.kz

 – Есімі әлемге танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте Тимур Құлыбаевтың орнын басып отыр. Шешім бүгін ҰОК бас ассамблеясының отырысы барысында қабылданды.

Спорт әлемінде GGG лақап атымен танымал болған Геннадий Головкин шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай, әуесқой да, кәсіпқой да бокста өзінің ұрыс мәнерімен, ерекше стилімен миллиондаған жанкүйердің сүйікті спортшысына айналған.

бокс
Фото: instagram.com/gggboxing

«Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал өзім – қазақпын» дейтін Геннадий Головкин 1982 жылдың 28 ақпанында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол тұрған Майқұдық ауданы сол уақыттарда қылмыс өршіп тұрған қауіпті аймақ саналатын. Дәл осы жайт бала Генаның спортпен айналысуына да себеп болғандай.

Геннадий Головкин
Фото: Kazinform

Ол әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жетті. Еш уақытта нокаут тұрмақ нокдаунға да түсіп көрген жоқ. Геннадий әуесқой бокста Азия, Әлем чемпионаттарында топ жарды. Алайда, Олимпиада чемпионы бола алмады, күміс медальді қанағат тұтты. Ол 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындары болатын. Дәл осы жазғы ойындарға Головкин қазаққа үнемі алтын медаль сыйлап келген 69 келі салмақ санатында баруы тиіс еді. Дегенмен, ол 75 келіге ауысып, ал 69 келі салмақта ел үміті Бақтияр Артаевқа артылған болатын. Осы олимпиадада Бақтияр Артаев чемпион атанса, Геннадий Головкин күміс жүлдегер атанды. Дегенмен, әлі күнге дейін дәл осы жекпе-жекке қатысты дау көп. Көпшілік Геннадийдің сол уақытта ресейлік Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілмегенін айтады. Генаның өзі де сол жекпе-жекте жеңілмегендігіне сенімді.

Головкин
Фото: olympic.kz

«Мен Азия, Әлем ойындарының чемпионы болдым. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының алтын медаліне лайықты болдым деп санаймын. Дәл сол уақыттағы жайт әуесқой бостан түңіліуіме себеп болды», – деген еді сол жекпе-жекке қатысты спортшы L’Equipe басылымына берген сұхбатында.

Геннадий Головкин футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жеңісімен құттықтады
Фото: ашық дереккөз

Бір жылдан кейін Геннадий Головкин әуесқой спортпен қош айтысып, кәсіпқой боксқа бет бұрды.

Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жетістіктері:
2000 жыл – жасөспірім арасындағы әлем чемпионатында жартылай салмақта чемпион;
2001 жылы – Шығыс Азия ойындарында жартылай салмақта чемпион;
2002 жылы – Астанада өткен бокстан әлем чемпионатында чемпион;
2002 жылы – Азия ойындарының чемпионы;
2003 жылы – Бангкогте өткен әлем чемпионатының чемпионы;
2004 жылы – Азия чемпионатының чемпионы;
2004 жылы – Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Геннадий Головкин 2005 жылдан бері осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізді.

Головкин
Фото: instagram.com/gggboxing

Оның 37-сін нокаутпен аяқтаса, бір жекпе-жегінде тең түсіп, екі жекпе-жегінде ұпай санымен жеңіліп қалды.

Головкин-Альварес
Фото: instagram.com/gggboxing

Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2006 жылдың мамырында Габор Балогқа қарсы өткізіп, оны бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Осыдан кейін Генаның жұлдызды сәті туды.

WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 мәрте, IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғады. Кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша нокаут бойынша 89 пайыздық үлеспен бірінші орынға да шықты.

Головкин
Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин спорттық мансап жолында екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альвареспен үш мәрте кездесті.

Головкин
Фото: instagram.com/gggboxing

Есте болса, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды. Ал бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль Альварес төрешілер шешімімен Генадан басым түскен болатын. Екі спорт жұлдызының арасындағы үшінші кездесу де отандасымыздың пайдасына шешілген жоқ.

бокс
Фото: instagram.com/gggboxing
Головкин
Фото: instagram.com/gggboxing
Ең бай 20 боксшы
Фото: sports.kz
Геннадий Головкин
Фото: sohood.com

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Энергетика министрлігі биыл 6 су электр стансасын іске қоспақшы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Енді Яндекс Карты арқылы орындар мен ұйымдарды қазақ тілінде іздеуге болады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.