фото:ашықдереккөз
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлын әдеби-мәдени мұрасын келер ұрпаққа жеткізу аса маңызды. Оның 1 ғасырдан астам уақыт бұрын жазған еңбектері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның жазған әрбір шығармасы оқырманның тұла бойын шымырлатады. Ал оның «толық адам» тұжырымдамасы әлем халқы тәжірибеден өткізген философия. Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» оның еңбектерін зерттеп, зерделейтін кітаптар жарық көрді. Барлығы тоғыз сериямен 12 жаңа кітап басылып шықты. Бұл еңбектерде данышпан Абайдың отбасы, әулетінің тарихы, ұлттық болмыс пен дананың арманы, оның даналық әдемі, тарихи-этнографиялық мұрасы кеңінен сипатталады. Онымен қоса бауырлас түрік еліндегі Абай мұрасының зерттелуі мен тарихы туралы жазылған еңбек те бар. Абай жәдігерін насихаттайтын бұл кітаптар елімізідң түкпір-түкпіріне таратылып, оқырман қолына табысталмақ. Аманатқа қиянат жасамаған халқымыз оны балалар тәрбиесі мен тәліміне қолданары сөзсіз.
Абай дүниетанымы мен оның даналығын зерттеу әрі қарай да жалғаса бермек. Ғалымдар осындай ой-түйін айтып, жас ғалымдарды тәрбиелеуді, олардың Абай мұрасын насихаттауды жалғастыруы үшін бар жағдай жасалу керек деп баға берді. Бүгінде Ұлы ақынның жырлары мен шығармалары білім ордаларында оқытылып, абайтану ғылымының дамуында елеулі өзгерістер орын алып жатыр. «Абай академиясы» сараптамалық зерттеулер жүргізіп, соңғы жылдарда 80-нен астам кітапты басып шығарды. Әрбір еңбектің ішінде Абайдың ойлары мен тұжырымдамалары, терең философиялық құндылықтары жайлы әңгімелер қозғалған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «толық адам» идеясы да жоғары деңгейде насихатталып жатыр.
Ғалым, жазушы Анар Салқынбай дана Абайды ұғу үшін, оның әрбір сөзін көкейге түю үшін адамзат алдымен әлем әдебиетінен хабары болуы қажет. Демек ғалым Абайды әлемдік деңгейдегі тұлға ретінде көреді. Шын мәнінде, оның даналығы елімізде ғана емес, ғаламның түкпір-түкпірінде мойындалған. Ендігі жерде Абай мұрасын насихаттап, абайтану саласына ерекше мән берілу қажет. Себебі Абай «толық адам» идеясының авторы. Ол қазіргі қоғаммен астасып, қабысып жатқан терең мәселе. Абай – ұлтты асқақтатушы, әлем жұртын бір идея жолында ұйыстырушы екені сөзсіз.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz