ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІМЕН ОРДЕНДЕР ШЫҒАРЫЛАДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІМЕН ОРДЕНДЕР ШЫҒАРЫЛАДЫ

28.02.2024
0
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІМЕН ОРДЕНДЕР ШЫҒАРЫЛАДЫ

фото:ашықдереккөз
Келер жылы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Прездидент Ұлттық құрылтайдың жиынында Ұлы отан соғысы жылдарында ерлігімен көзге түскен азаматтарымыздың рухына құран бағыштап, еске алуды ұсынды.  Тарих жылнамасындағы қанды қасап жайлы еңбектер жазу мен фильмдер түсірудің келер ұрпақ тәрбиесі үшін рөлі зор. Жазушы, қан майданда ерлік көрсеткен қазақтың батыры, нар ұлы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтауға еркше көңіл бөлініп келеді. Темірдей тәртіпті ұстанған Бауыржан атамыздың есімі әскерді ғана емес, жас өрендеріміздің ғаныз азамат болуға септігін тигізбек. Бауыржан ұстанған тактика, оның әскери өмірдегі ұстанымдары мен әдебиетке деген қызығушылығы әрбір жас үшін үлгі-өнеге болмақ. Ұлттық бірегейлікті нығайтуменн қатар ел елімін қорғаған батырларымызды насихаттау – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Оны Президент өз сөзінде шегелеп айтты. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин дайындықты бүгіннен бастау керек екенін, мерекені тойлауда елдің қалыс қалмауына көңіл бөлу керек екенін айтты. Өткенді саралап, бүгінді бағамдап, ертеңге үмітпен қарау арқылы қазақ әдебиетіндегі тұлғаларымыздың кітаптарын ел ішінде таратуға ұмтылыс қажет. Осы орайда қан майданда жүріп жаумен алысса да, қағаз бетін түртіп, әдеби шығармалар жазған азаматтарымыз да аз емес. «Қазақстанның қаһарман майдангерлері» жобасы арқылы тәуелсіздік алған жылдардан бері жауынгерлердің ғұмыры туралы 56 томнан астам еңбек жарық көріпті. Оның ішінде майдан шебінде күрескен батыр қыздарымыз жайлы да кітаптар бар.

Мемлекет басшысы көрнекті  тұлғалардың атымен бірқатар ордендерді атауды тапсырған еді. Күштік құрылымдар мен әскерге табысталатын «Айбын» орденін түрлі дәреже бойынша батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атауды ұсынды. Шын мәнінде, бұл құптарлық жағдай.  Бұл бастама арқылы халқымыздың біртуар перзенттеріне деген құрметімізді көрсетіп қана қоймай, Отанға қалтқысыз еңбек етіп жүрген азаматтарға сенім арту деп есептеуге болады. Батырларымыздың атымен орден алған әрбір әскери өзіне артылған үміт пен жүкті абыроймен көтеруге, ел сенімін ақтауға барын салады. Бұл дамыған елдерде қалыптасқан, орныққан жүйе. Ал қазақ халқында артында әдеби-мәдени мұра қалдырған азаматтар да аз емес.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

14 ЖАСТАҒЫ АУЫЛ БАЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА!

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.