фото:ашықдереккөз
Отандық әдебиетті қолдау заманның талабына айналды. Қазақ әдебиетіндегі шығармалар жаңа дизайнда, электронда форматта қайта басылып, қоғам сұранысып қанағаттандырып жатыр. Ал заманауи әдеби кітаптар дүкен сөрелеріне түсе сала, сатылып кетеді. Бұл сәтті маркетинг пен кредитивті индустрияның жемісі. Бүгінде әдеби клубтарды құру қажеттілігі осыдан-ақ байқалады. Кітапсүйерлер үшін ақын-жазушыларымызды қолдап, жаңа туындылардың өмірге келуіне жағдай жасалуы қажет.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әдеби клубтар ашуды, отандық қаламгерлерге қолдау көрсетудің маңыздылығына басымдық берді.
«Министрлік жанынан Әдеби клуб құруды жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат – әдебиеттің өзекті мәселелерін ортаға салып, жаңа тенденцияларды талқылау және жаңа туындылар мен авторларды насихаттау, қоғамды кітап оқуға үндеу. Отандық әдебиетті қолдау бойынша мен министр блогы мен әлеуметтік желілерде үнемі айтып жүрмін. Соның бірі – кітап басу ісі. Сөз жоқ, кітап дүкендері қазақтілді туындылармен толығуға тиіс. Енді кітаптарды басып шығару, әдебиетті қолдау қалың көпшілікпен талқыланып, жаңа ережеге сәйкес жүзеге асады», – деді министр.
Былтыр ел көлемінде жалпы таралымы 346 мың дана болатын 134 кітап жарық көріпті. Қазақ әдебиетіне тақырыбында 14 туынды басылым шыққан. Сонымен қатар балалар әдебиетіде де 48 мың данамен 16 кітап жазылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу дағдысына үйрету үшін балаларға арнап Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын жүзеге асыруды тапсырған еді. Оның аясында мектептерде оқу бұрыштары ашылып, кітап тақырыбында конференциялар мен байқаулар ұйымдастырылды. Тіпті оқушылар арасында «Мені қызықтырған кітап» тақырыбына эсселер ұйымдастырылды. Әрбір адам өз ойын қағазға сауатты түсіре алу үшін және жан-жақты дамыған «толық адам» болғысы келсе, кітап беттерін парақтағаны абзал. Себебі Абай атамыз «артық білім кітапта» деп бекер айтпаған болар. Бүгінде қазақ балалары «кітап бетін ашпайды» деген қасаң пікір қалыптасқан. Бірақ жастар мен жасөспірімдер дәстүрлі кітапханадан бастап, электронды кітаптар мен дүкендерден әдеби шығармалар мен өзге де тақырыптағы түрлі еңбектерді оқитынын көруге болады.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz