Астанада параүстел теннисінен алғаш рет турнир өтіп жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада параүстел теннисінен алғаш рет турнир өтіп жатыр

01.03.2024
0
Астанада параүстел теннисінен алғаш рет турнир өтіп жатыр

Астанада параүстел теннисінен алғаш рет ITTF Fa20 Astana para open 2024 турнирі басталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

1-3 наурыз аралығында өтетін жарыста әлемнің 18 елінің ең үздік параспортшылары бақ сынап жатыр. Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары Елена Прокофьева (Ресей), Уилл Бэйли (Ұлыбритания), Алена Канова (Словакия), Лондон Паралимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Томми Урхайг (Норвегия) және бірнеше Паралимпиада, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар.

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.

«Параүстел теннисінен турнир тұңғыш рет Астанада ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз. Әлемнің 20-ға жуық елінен 150-дей ең үздік спортшы қатысып жатыр. Бәріңізге сәттілік тілеймін!» – деді елорда әкімінің орынбасары Е.Байкен.

Айта кетейік, ITTF Fa20 para open деңгейлі турнир жылына 14 рет ұйымдастырылады. Оның 4-еуі Париж Паралимпиадасына ұпай жинайтын жарыс саналады. Ал Астанадағы бәсеке Паралимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін дода болып саналады.
Қазақстан атынан 11 санат бойынша 53 спортшы сынға түсіп жатыр.

«Астанада осындай деңгейдегі турнирдің өткеніне қуаныштымын. 9-шы санаттағы қарсыластарым өте мықты. Әсіресе, Аустралиядан келген Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Мелисса Тапперді ерекше атар едім. Бұйырса, чемпион атануға барымды саламын», – дейді турнирдің ең жас қатысушыларының бірі елордалық Алтынай Ержанқызы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

МЕҢТАЙДЫҢ КЕЛІНІ ЕКЕНІМДІ БІЛМЕДІМ…

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыл шаруашылығы жерлерінің картасын цифрландыру 2024 жылы аяқталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.