Сәтбаевта жедел жәрдем қызметкерлерін соққыға жыққан жігіт аз айыппұлмен құтылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Сәтбаевта жедел жәрдем қызметкерлерін соққыға жыққан жігіт аз айыппұлмен құтылды

11.03.2024
0
Сәтбаевта жедел жәрдем қызметкерлерін соққыға жыққан жігіт аз айыппұлмен құтылды
фото: Halyq Uni
Жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл көбейіп кеткендіктен мұнда жұмыс істеуге ниет жоқ, – дейді фельдшер

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерін ұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы patriotnews.kz хабарлады.

Дәрігерлер шақыру бойынша Сәтбаев қаласындағы пәтерге барған. Олар әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған. Бірақ қайтыс болған әйелдің ұлы бұған көндіге алмай, екі ер дәрігерді ұрып-соққан. Соққыға жығылған фельдшер қан-жоса болып тұрса да әйелдің ұлы оны реанимация жасауға мәжбүрлеген.

Біз диспетчерге қоңырау түскеннен кейін 4 минутта келдік. Бірақ пәтер есігін ашқан жас жігіт әріптесім екеумізге «Неге сонша ұзақ жүресіңдер?» деп айқайлады. Біз 4 минутта келген едік. Ол бізді жұдырықпен бет және бастан бірнеше рет ұрды, – деді Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының зардап шеккен жедел медициналық көмек фельдшері өткен жылдың 30 наурызында болған оқиға туралы.

Дәрігер жігіттің соққысы күшті екенін байқаған, ал кейінірек оның спортпен айналысатынын білген.

Соққы күшті болды. Бетіме қатты және күтпеген соққы жұмсағаннан кейін көзім тұманданды. Ернім жыртылып, аузым қанға толып кете берді. Бірақ ашуға булыққан жігіт бізден анасын құтқаруды талап етті, ал әйелдің жүрегі тоқтап қалған еді. Реанимациялық шаралар көмектеспеді, қайтыс болды. Әйел ауырған және денсаулығына байланысты дәрігерлердің есебінде болған, – дейді фельдшер.

Соққыға жығылған дәрігер жедел жәрдем станциясына қайтып барған. Қайта-қайта басы айналған соң әріптестері тексеруден өту қажет екенін айтқан. Тексеру кезінде миының шайқалғаны және жараланғаны анықталды.

«Мен полицияға арыз жаздым. Ол анасынан айырылып, күйзеліске ұшырағанын түсінемін. Бірақ дәрігерлерді агрессиямен және жұдырықпен қарсы алуға болмайды. Анасына көмектесу үшін жағдай жасаудың орнына ол бізді кіре сала соққылады.

Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Адамдарды аман алып қалу үшін саналы түрде медицина мамандығын оқыдым. Бұл салада 10 жылдан астам еңбек етіп келемін. Бірақ жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл көбейіп кеткендіктен мұнда жұмыс істеуге ниет жоқ, – дейді фельдшер.

Полиция Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша әкімшілік материалды тіркеді. Сәтбаев қалалық сотының судьясы Серік Исабаев құқық бұзушыдан 36 225 теңге айыппұл өндіріп алды. Сондай-ақ фельдшер бірнеше миллион теңге талап етіп, сотқа арызданды. Сотта медиация рәсімі өткізіліп, судья тәртіп бұзушыны дәрігерге 200 мың теңге төлеуге міндеттеді. Бірақ соның өзін дәрігер әлі күнге дейін ала алмаған. Соққыға жыққан жігіт үнемі оны төлеуден жалтарып кететін көрінеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген адам ұсталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті «Загульбада» қарсы алды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.