«Адай ата — Отпан тауда» мерекелік іс-шаралар басталып, «Амал — алашқа ортақ мереке» шарасына еліміздің өзге өңірлерінен бөлек Өзбекстан, Түркиядан меймандар келіп қатысып жатыр.
«Адай ата — Отпан тау» рухани-тарихи мәдени кешені аумағында елуге жуық киіз үй тігіліп, салтанатты түрде мерекелік шаралар жалғасын тапты. Сондай-ақ, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, «Ақсарай» музей кешенімен танысу, «Қарашаңырақ» алаңында ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның концертімен жалғасын тапты.
Бірлік отын жағу рәсімі өтіп, ертең алау Қосай ата ұрпақтарына табысталады.
«Отпан тауда дәстүрлі мереке жалғасын тауып келеді. Бұл шарада үш жүздің басы қосылады. Биыл бұған Мұңал ата ұрпақтары жауапты болған еді. Күндіз спорт ойындарынан басталған жарыстардың соңы мерекеге ұласып отыр. Бірлік оты жағылған соң 14 наурызда Амал мерекесі бастау алады. Көпшіліктің қатысуымен өтетін мереке елдің бірлігін нығайтуға бағытталған», — деді ұйымдастыру жұмыстарына жауапты Жармағамбет Айтуаров.