Пирамиданың тұжырымдасына сәйкес, «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып, артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс.
Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табысты да, сондай-ақ тұрғын үйді де алмаған. Жалпы залал көлемі 107 млн теңгеден асты.
Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сотталғандар келтірілген шығынды өндірді. Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады.