Қызылорда облысының 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысының 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған

18.03.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

– Қызылорда облысында елді мекендердің 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қалалары аталған қажеттілікпен толықтай қамтамасыз етілген.

Сыр өңірінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Аймақ халқының басым бөлігі таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.

Бүгінде облысқа қарасты Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы қалалары орталықтандырылған ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілген. Ал, елді мекендердің 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, облыстағы ауыз су жүйесі мен оның сапасы жақсарту бағытында игі істер жүзеге асуда.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетовтің айтуынша, қазір өңірдегі 4 қала мен 230 ауылдық елді мекеннің 204-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Ал, қалған 26 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

«Су ресурстары комитеті арқылы Арал ауданының Абай, Тоқабай, Ақбасты елді мекендерін «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырына қосу құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылға 2 жобаны іске асыру үшін 1,7 млрд теңге бөлінсе, ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық бюджеттен 5,1 млрд теңге, облыстық бюджеттен 351 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінде жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Облыс орталығында қала тұтынушыларын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіп, кәріз суларын бұру және оны тазартуға баса назар аударылуда. Бұл бағытта «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнының теңгерімінде бірнеше ауыз су нысаны бар.

қызылорда облысы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

«Тасбөгет кентінде орналасқан Бас су жинау кешені арқылы қаланың орталығы, Тасбөгет кенті, Саяхат, СПМК-70, «Сәулет», «Сырдария», «Ипподром» мен теміржол ауданы, қаланың шеткі бөліктері ауыз сумен қамтылады. Ауыз су сапасын кәсіпорынның базалық зертхана мамандары күнделікті тексеріп бақылайды. Оны қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы қадағалайды. Ал, «Арай» су алу құрылымына 2013 жылы қайта жаңғырту жүргізіліп, Қызылжарма кен орнынан 13 ауыз су ұңғымасы пайдалануға берілген. Бұл су алу құрылымы, қазіргі таңда «Арай», «Арай-2», «Арай-3» тұрғын ауданы мен қаламыздың сол жағалауын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын теңгеріміндегі су алу құрылымдарының таза су жинау резервуарлары мен қалалық ауыз су жүйелеріне жылына 2 мәрте жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта жоспардан тыс тазарту, жуу, шаю және залалсыздандыру қолға алынып отыр», – деді Қызылорда су жүйесі МКК директоры Бауыржан Әбдіқаппарұлы.

«Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Аталған мекеме 2017 жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қолдауымен облыс бойынша ауыз сумен қамтамасыз ететін бірыңғай оператор ретінде жұмыс жасайды.

«Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы 6 топтық су құбырлары арқылы Қызылорда облысына қарасты 130 елді мекенді тұрақты түрде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Мұндағы барлық топтық су құбырлары бойынша халық саны 332 095 адамды құрайды. Ауыз судың сапасын бақылау барысында 2023 жылы оқшау су жүйелері бойынша 11 665 сынама алынып микробиологиялық және химиялық тексеру анализдері жасалды.

«Ауыз су сапасының нормадан ауытқушылық көрсеткіштері 2023 жылы Жалағаш ауданы бойынша орын алып, ұңғымаларға су сорғыту, гипохлорид кальцийімен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу арқылы қалпына келтірілді», – деді «Арал» СЖКБД филиалы директорының орынбасары Ержан Әмиша.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері болады.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.