Азаматтарды азаптаған экс-полицейлерге сот үкімі шықты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Азаматтарды азаптаған экс-полицейлерге сот үкімі шықты

19.03.2024
0
Азаматтарды азаптаған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Фото: Zakon.kz

Талдықорған сотында Қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарды азаптаған экс-полицейлерге сот үкімі шықты.

Қылмыстық іс барысында 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысының полиция қызметкерлері қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен азамат С.-ны полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына әкелгені анықталған.

Экс-полицей Т. департамент дәлізінде қолы кісенде тұрған С.-ның белінен ұрған.

Іс материалында тағы үш полицейдің 2022 жылдың 7-16 қаңтары аралығында 5 адамды кінәсін мойындату мақсатында оларды қорқытып, сол арқылы моральдық және физикалық зиян келтіргені айтылған.

Бір экс-полицей өзіне тағылған айыпты мойындады, шығынды өтеді. Қалған үш азамат кінәсін мойындамай, соттан өздерін ақтауды сұрады.

Кінәсін мойындаған азамат қылмыстық кодекстің 146-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен 2,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Азамат А. қылмыстық кодекстің 146-бабы 1,2,3-тармақтары, қылмыстық кодекстің 58-бабының 3, 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Б. қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды және оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Е. қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бұрынғы генерал-майорға қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 900 млрд теңге бөлінді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа ипотеканы іске қосуға дайындық жүріп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.