Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылуда зиялы қауымның атқарар рөлі зор – Жанарбек Әшімжан – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылуда зиялы қауымның атқарар рөлі зор – Жанарбек Әшімжан

20.03.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: parlam.kz

– «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Премьер-Министр Олжас Бектеновке зиялы қауым өкілдерінің бірлігіне қатысты депутаттық сауал жолдады.

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылу жолында зиялы қауым өкілдерінің атқарар рөлі бөлек. Күні кеше Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Ел ағалары ауызбіршілікті және ұрпаққа өнегелі болуы керек», – деп ұлт зиялыларына өз қайырылуын жасады. Сол Құрылтай төрінде мені қоғамымызда айрықша орны бар, сөз бастаса халықты ұйытар шешен, көш бастаса елді ертер көсем, руханият әлеміндегі әйгілі тұлғалардың бүгінгі кескін-келбеті мен жауапкершілігі қатты ойландырды. Осы орайда «Қазақ оқығанын сыйлайды, соңынан ереді. Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да оқығаны» деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі ойға оралады. Қай дәуірде де, қандай тарихи кезеңде де қоғамның негізгі қозғаушы күші – зиялылар.

Расында, Майқы бидің «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, бірлігің кетсе – нең қалар» деген нақылы дәл бүгінгі таңда өміршең болып тұр.

Кешегі Алтын Орда мен бүгінгі Ақ Ордаға дейін Қазақ елінің жүріп өткен күнгей-теріскейлі тарихында қара халыққа жарық сыйлап, жол нұсқаған, үмітін үкілеп, жігер берген тұлғалар аз емес.

Ал, есімі елге мәшһүр бүгінгі кейбір тұлғаларымыз, ақсақалдарымыз, тарихшыларымыз, жазушыларымыз ай-күннің аманында болары болып, бояуы сіңген түрлі оқиғалар туралы айтысып, тартысып, Алаш көсемдері мен кеңес қайраткерлерін қағыстырып, қыл аяғы Шыңғыс ханның тегіне таласып өспейтін елдің баласындай өнбейтін дауды қуады. «Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін» бірінің қолы бірінің жағасында жүрген жағдайларды ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде аз көріп жүрген жоқпыз. Президент соны меңзесе керек.

Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановты, Сәкен Сейфуллин мен Алашорданы, Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқановты, Дінмұхамед Қонаев пен Жұмабек Тәшеновті бір-біріне қарсы қойып, елдің ішін алатайдай бүлдіріп, бөліп-жару кімге қажет? Олардың бағы мен сорын, бары мен жоғын жарыстырғаннан бүгінгі ұрпаққа қандай үлгі? Қандай өнеге?..

Әр тұлғаның өз биігі бар. Бір тұлғаны көтеру арқылы екінші тұлғаға көлеңке түсірудің түкке керегі жоқ.

Баррикаданың қай қапталында болса да Қазақ елінің Тәуелсіздігі жолында бармағы шайнауда, басы айдауда кеткен тұлғалардың бәрі өз алдына бір-бір асқар тау. Әрқайсының өз тағдыры бар. Өз сүйініші, өз күйініші болды. Олардың күрес түрлері әртүрлі болғанмен, түпкі мақсат бір еді. Бәрі ұлттық мұраттар жолында, қазақтың хақы үшін күресте өмірлерін сарп етті. «Басына ас құйып, сабына қарауыл қойған» заманда ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылуды көкседі олар.

Бүгін Тұлғаларды жарыстыратын, алыстыратын заман емес, ұлттық мұраттарды табыстыратын, заман.

Осы орайда, марқұм Несіпбек Айтұлы ағамыздың:

– Ағалар-ай!

Барында аз ғұмырды бағаламай,

Абайсыз адаспаңдар бір-біріңнен,

Жарықта жайнап тұрған самаладай.

Болғанда халық – теңіз шалқып жатқан,

Өздерің шырылдайтын шағаладай.

Ауылын пенделіктің жағаламай,

Басына бір төбенің жиналсаңшы,

Андыздап, әр бұтаны сағаламай.

Өздерің қонақтайтын бәйтеректің,

Тамырын балталамай, араламай.

Шоқыға шықсаңдаршы хан көтеріп,

Тартысып бір-біріңді табаламай!

Қайран, Ағалар-ай… – деген өлең жолдары еріксіз еске оралады…

Президенттің Атырау алабында айтқан «Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, білімді жастар көп. Олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу – елге жанашыр болу деген сөз. Ұсақ-түйек әңгімені қойып, Қазақты бөліп-жармай, жалпыұлттық деңгейде ойлауға ұмтылайық!» деген жүрекжарды тілегін байтақ Қазақ даласындағы көш бастаған ел ағалары ұран секілді қабылдаса деген ниетімді жеткізгім келеді.

Қазақ халқы тағдыршешті сәттерде Абайға, Абай жазып қалдырған жалғыз кітапқа жүгініп отырған. ұлт зиялылары ұлы ойшылдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос» деген сөзін асқан жауапкершілікпен сезінетін сәт келді.

Құрметпен,

Жанарбек Әшімжан, Елнұр Бейсенбаев, Аманжол Әлтай, 

Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса, Ерлан Сайыров, Айдос Сарым,

Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов, Жарқынбек Амантайұлы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда қанша адам ұлттық спортпен шұғылданады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Исламбек Салжанов: Ұлттық спорт – ұлттық рух, халқымыздың өмір сүру салты, тәрбие құралы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.