Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Көктемгі егіс науқаны: шаруаларға 340 мың тонна дизель отыны беріледі

көрнекі фото: baraev.kz

Биыл шаруаларға көктемгі егіс науқанына 340 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны керек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, 

Министрдің айтуынша, 2024 жылғы көктемгі егіс жұмысын жүргізуге жеңілдетілген дизель отынының көлемін қалыптастыру алғаш рет gosagro.kz арқылы шаруалардың электронды өтінімдері негізінде іске асырылды.

«Республика бойынша барлығы 340,0 мың тонна дизель отыны көлеміне жиынтық өтінім қалыптастырылды. Жиынтық өтінім негізінде Энергетика министрлігі дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекітіп беру графигін, сондай-ақ жеңілдікті дизель отынының құнын литріне 250 теңге деңгейінде бекітті (АЖС – литріне 295 теңге). 26 наурыздағы жағдай бойынша мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлерге барлығы 67,7 мың тонна (немесе 20%) дизель отыны тиеп-жөнелтілді», – деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Министрдің пікірінше, облыстардағы әкімдіктер дизель отынының бөлінетін көлемін тиеп-жөнелту жұмыстарын жандандыруы қажет.

«Бүгінгі таңда өтінім беру және жеңілдікті дизель отынын алу рәсімі толық цифрландырылған. Бірақ жекелеген шаруалар көрсетілген мерзімдерде өтінім беріп үлгермеді. Осыған байланысты жекелеген өңірлердегі әкімдіктер және фермерлер өтінімдер қабылдауды қосымша ашу мәселесін көтеріп жатыр. Сондықтан Энергетика министрлігі атынан облыс әкімдіктерінің ұсыныстарын қолдауды сұраймын», – деді ведомство басшысы.

Дизель бағасы барлық 20 өңірде 2023 жылғы деңгейде болады – ҚҚС-пен литрі – 250 теңге. Бұл бөлшек саудадан 15% немесе литрі 45 теңге төмен.

Ұқсас жаңалықтар

Алдыңғы буынға құрметпен қарап, қамқорлық жасау — мемлекеттік саясаттың маңызды бөлшегі

admin_altyalash

Ұлу жылы: 2024 жыл қандай болады?

admin_altyalash

Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады

admin_altyalash