Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Алматы облысында мемлекеттік мекеме мыңнан аса қызметкерге жалақы төлемеген

Фото: Halyq Uni

Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша жүргізген талдау барысында «Ветеринариялық станция» ПВХ МКК-нің биыл қаңтарда 1043 қызметкерге жалпы сомасы 223 млн теңге жалақы төлемегені анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді. Жоғарыда аталған ұйымның басшысы ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 мың 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде аталған қаржы өтелді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство өклдері жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда заңнамада Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада “Көшпенділер Әлемі” этноауылы ашылды

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін «Ынтымак Ордо» резиденциясына келді

admin_altyalash

912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижелерге қол жеткізді

admin_altyalash