Батыс Қазақстан облысында 15 үйдің иесі табылмай жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысында 15 үйдің иесі табылмай жатыр

10.04.2024
0
Батыс Қазақстан облысында 15 үйдің иесі табылмай жатыр
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қолда бар мүмкіндіктің бәрі жасалып жатыр. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев айтты.

Оның айтуынша, облыста 1 155 тұрғын үй су астында қалды. 732 үйдің тұрғындары өз шаңырағына оралды. 408 үйде адам тұрмайды. 15 үйдің иесі жоқ. Автокөлік жолдарының 65 учаскесіне су толып кетті. 65 жерде жол төсемі шайылды.

Облыстың 2 ауданындағы 9 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Бұл ауылдарға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоры жеткілікті. Қайықтармен өткел жасалды. Тұрғындармен тұрақты негізде ақпараттық байланыс бар.

Өңірде су тасқынында адамдарды көшіру үшін 3 тікұшақ дайын тұр. Олар қажет болған жағдайда апаттық-құтқару жұмысмен айналысып, гуманитарлық көмекті жеткізетін болады.

Жергілікті ауқымдағы 6 төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен азаматтарға арналған 161 уақытша орналастыру пункті бар. 19 пунктке 1 801 адам, оның ішінде 777 бала орналасты. Эвакуацияланған халық ыстық тамақ пен орналастыру орындарында бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілген.

Өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерін тарту арқылы облыстық жедел штабтың жұмысы өрістетілді. Осыған ұқсас штабтар Орал қаласы мен су тасқыны қаупі бар аудандарда жұмыс істейді. «Жедел желі» телефонына тұрғындардан 430-дан астам қоңырау түскен.

Су тасқынынан қорғау құрылыстарын нығайту жөніндегі іс-шараға барлығы 4 750 адам, 954 техника, 95 қайық, 332 мотопомпа мен 3 тікұшақ жұмылдырылды.

Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Су Ресей Федерациясынан келеді. Онда су тасқынына байланысты Ириклин қоймасынан су жіберілді. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Ириклин су қоймасының Ресей Федерациясынан жіберілетін су көлемі біртіндеп азаяды. Дегенмен облыста су басу қаупі бар, – деді Руслан Қасыбаев.

Жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен бірігіп, елді мекендерді су тасқынына қарсы қорғауды нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі. Қорғаныс құрылыстары салынды. Ұзындығы 33 шақырым, 250 мың дана қап төселді.

Халықты барынша хабардар ету үшін әр 2 сағат сайын теле-радиоарналардан ақпарат таратылады. Бұл бағыттағы жұмыс бақыланып отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Классикалық шахматтан Астана құрамасы ел чемпионаты атанды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.