Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Кәсіпкер Рақымғали Құл-Мұхаммед мемлекетке қолғабыс жасады

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Белгілі бизнесмен, «Атамұра» корпорациясының президенті су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қомақты қаржы жіберді

Белгілі кәсіпкер, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед елімізде су тасқыны мен қардың суынан зардап шеккен өңірлердің халқына өз атынан қаржылай көмек берді.

Құрметті достар!

Еліміздің біраз өңірін су басып, халқымыздың басына ауыртпалық түсіп, қатты қиындық көріп жатқаны мені де алаңдатып отыр.

Осы бір қиын күндерде өздеріңізбен бірге екенімді білдіріп, табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға демеушілік жасап, өз атымнан 10 млн теңге аударып, көмек көрсетуді жөн санадым.

Халқымызға Алла сабыр мен төзім, бірлік пен береке берсін! Қиындықтан тезірек шығуларыңызға тілектеспін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, – деді кәсіпкер.

Бұл көмекті ол өз атынан берді. Оның баспаға еш қатысы жоқ.

Мен шенеунік емеспін, кәсіпкермін. Елге жанашырлық көрсетіп, басқа да өзім сияқты кәсірпкерлерге үлгі болсын деп көмек бердім.

Қазір еліміздің бірнеше өңірін су алып кетті. Баспанасыз қалған, малы қырылып, мүлкі жоғалған халық көп. Сондықтан осындай ел басына күн туған сәтте көмек қолын созатын азаматтардың көп болғаны жөн деп санаймын!, –  деді ол.

Қазір су тасқыны мен қардың суынан зардап шеккен өңірлердің халқына өз атынан қаржылай көмек беріп жатқан мекемелер мен жекелеген азаматтар көбейіп жатыр. Атақты әнші

Димаш Құдайберген әкесі Қанат Айтбай да Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан еріктілер штабына барды.

«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек мөлшерін 10 млрд теңгеге дейін көбейтетінін жарияласа, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының компаниялар тобы су тасқыны салдарын жоюға 15 млрд теңге бөлетін болды. Бұдан басқа да компаниялар, банктер мен көптеген мекемелер зардап шеккен отбасылар мен азаматтарға миллиардтап, миллиондап көмек қолын созып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жол инфрақұрылымы – ел экономикасының маңызды әрі күрделі саласы

admin_altyalash

Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті

admin_altyalash

Астанада ауыр және ірі көлемді көліктеріне 3 миллион 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

admin_altyalash