Шымкентте «Қорғау» қосымшасы арқылы миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші анықталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары берешегі бар көлік иесін тоқтатты. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған адам туралы белгіні қызметтік планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы алды.
Полицейлер Hyundai Tucson көлігін тоқтатып, ер адамда төлемеген 20 млн теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады. Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды.
Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады.