«Мүмкіндігі шектеулі ұлына қол көтерген»: Түркістан облысында тағы бір әйел күйеуін өлтірді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Мүмкіндігі шектеулі ұлына қол көтерген»: Түркістан облысында тағы бір әйел күйеуін өлтірді

23.04.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Фото: newsroom.kz

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 49 жастағы әйел күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Отасқандарына 30 жыл болған ер мен әйелдің арасында төрт перзенті бар. Екі ұлы мен екі қызы да кәмелет жасына толған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға 12 сәуір күні марқұм мен күдіктінің үйінде болған. Туыстарының сөзінше, ер адам мүмкіндігі шектеулі ұлына қол көтеріп, оған әйел араша түскен. Сөйтіп, күйеуін қылқындырған әйелі оны өлтіріп қойды деген күдікпен қамауға алынды. Қайғылы оқиғадан ауыл-аймақтың бәрі де хабардар.

Көрші- қолаңның сөзінше, бұл отбасындағы алғашқы жанжал емес. Төрт баланың анасы оған дейін де күйеуінің соққысынан қашып, көршілердің үйіне тығылған дейді. Ал ер адам алкогольге үйір екен.

«Спирттік ішімдікке тойған әкемізден біз де талай рет қашқанбыз. Бірде есіктен, бірде терезеден. Әкеміздің озбырлығынан құтылу үшін әпкелерім тұрмысқа ерте шығып кетті. Мен де мектепті аяқтай сала шетелге оқуға түстім. Бірақ анам әкемізді бірде арықтан, бірде жолдан тауып алғанын айтып хабарласып жүрді. Оқудан демалысқа келгенім сол еді жағдай тағы қайталанды. Мен ол кезде үйде ән тыңдап жатқанмын. Сөйтсем, далада жанжал болып жатыр екен», – дейді ұлы.

Учаскелік полицияның айтуынша, күйеуін өлтірді деген күдікті 2019 жылы қорғауға алынған. Одан кейін полицияға шағым түспепті. Алайда ұзақ үнсіздіктің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

«Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін. Бұл отбасымен 20 жылдан бері көршіміз. Әйелі сондай жақсы. Жұмысына таңертең кетіп, кешке бір-ақ келеді. Ал күйеуі көбіне мас болып жүреді. Көрген сайын «қой» дейтінмін. Балалары кішкентай кезінде ұрыс-жанжал өте көп болатын. Кейін саябырсыды. Сөйтсек, әйелі бәрін ішіне жұтып жүрген сияқты ғой», – дейді отбасының көршілері.

Күдікті әйелдің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып, екі айға қамауға алынды. Ал алғашында оған кешірім бердік деген қайын жұрты кейін ойынан айнып қалған. Ол бұл іске үшінші адамның қатысы бар деп ойлайды.

«Біздіңше ағамызды әйелдің бір өзі өлтірген жоқ. Бұл жерде тағы бір адам бар. Бәрін айтып, қылмысқа көмектескен. Біздің ағамыз өлді. Иә, жеңгем. Бірақ әркім өз жазасын алуы керек», – дейді марқұмның туыстары.

Ал күдіктінің жақындары құдаларының бұл ойымен келіспейді.

«Сіңлім осы күнге дейін көрмегенді көрді. Бірақ «ұят болады» деп шыдап келдік. Шыдамның шегі жеткен сияқты. Оны ақтамаймын. Бұл – ауыр жағдай. Бірақ ол адамды тектен-текке өлтірді дегенге сенбеймін. Өзін-өзі қорғап абайсызда жасаған деп топшылаймын. Бала-шағасын өсіріп, енді ғана өзіне келді ме дегенде отбасының осылай ойран боларын кім білген?», – дейді күдікті әйелдің әпкесі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елордада жыл соңына дейін 1 миллионға жуық жасыл желек отырғызылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мамырда жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады – министр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.