Су тасқынынан зардап шеккен 11 мың отбасыға 370 мың теңгеден төленді – Үкімет – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен 11 мың отбасыға 370 мың теңгеден төленді – Үкімет

23.04.2024
0
Су тасқынынан зардап шеккен 11 мың отбасыға 370 мың теңгеден төленді – Үкімет
көрнекі фото: Halyq Uni

Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен 11 мың отбасыға шамамен 370 мың теңгеден төленді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты,

Үкімет басшысы су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын жеткізді.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады.

Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Проблемалардың бәрі жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылдануда, – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталғанын атап өтті.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым.

Қазір 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 АЕК (553 800 теңге) төлейміз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», – деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккендердің ешбірі көмексіз қалмайтынын жеткізді.

Кәсіпкерлердің шығындары өтеледі. Азаматтарға айтатыным, сабыр сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін, – деді Олжас Бектенов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«7-20-25» бағдарламасымен бес мың ипотека займы беріледі – Құрылыс министрі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Биыл 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.