Қызылордада көкпардан ҚР чемпионаты өтіп жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қызылордада көкпардан ҚР чемпионаты өтіп жатыр

23.04.2024
0
Қызылордада көкпардан ҚР чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қызылордада көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының XXIII чемпионаты басталды. Оған еліміздің 15 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр,

Көкпарға Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Жетісу облыстарының, Астана және Шымкент қалаларының құрама командалары, сондай-ақ Орталық армия спорт клубының командасы қатысады.

Бүгін келесі командалар арасында топтық жарыстар өтті: Ұлытау облысы – Армия спорт клубы, Қостанай облысы – Атырау облысы, Астана қаласы – Қарағанды облысы, Алматы облысы – Маңғыстау облысы, Түркістан облысы – СҚО, Ақмола облысы – Шымкент қаласы, Абай облысы – Жамбыл облысы, Жетісу облысы – Қызылорда облысы.

Бұрын өзі де көкпар тартып, ал 2011 жылдан бастап команда жетекшісі болып жүрген Қостанай облысы құрама командасының жаттықтырушысы Ырыскелді Байтасов спортшылардың дайындығына тоқталды.

Жарысқа дейін біз Қызылорда облысында дайындық жұмыстарын жүргіздік. Спортшылар да, аттар да толық дайындалған. Жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие боламыз деп үміттенеміз, – деді ол.

Өз кезегінде Қостанай облысынан келген көкпаршы Наурызбай Қалтаев ойын барысы туралы өз әсерімен бөлісті.

Ойын жақсы өтті. Барлық қарсылас командалар лайықты, жақсы дайындалған. Әр ойын қызықты әрі ерекше өтіп жатыр, – деді спортшы.

Алда – жарыстың келесі кезеңдері. Көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы 29 сәуірде өтеді.

Еске сала кетсек, Республикалық көкпар федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жайықтың деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін – ТЖМ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордада жыл соңына дейін 1 миллионға жуық жасыл желек отырғызылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.