Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілер ұсталды

Фото: polisia.kz

Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданындағы карьерлердің бірінің аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілерді ұстады,

Аталған іс бойынша күдіктілердің барлығы анықталды. Әрқайсысының қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы тексеріліп жатыр.

Ер адамдардың өзен бойындағы кен орны аймағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені алдын ала анықталған. Жүргізілген сараптама нәтижесі оның көлемі 27 455,47 текше метр балласт екенін көрсетті. Тексеру барысында ер адамдардың өндірген кенді мегаполис пен облыс аумағынан алғаны анықталды, – деді Алматы облысының ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты.

Арнайы тұраққа 47 автокөлік пен арнайы техника қойылды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Бакинский государственный университет и университеты Казахстана расширяют научно-образовательное сотрудничество

admin_altyalash

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей

admin_altyalash

Новых акимов районов назначили в Алматы

admin_altyalash