«Отбасында да бұйырып сөйлейді». Запастағы офицерлер әлеуметке неге бейімделе алмайды? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі

«Отбасында да бұйырып сөйлейді». Запастағы офицерлер әлеуметке неге бейімделе алмайды?

photo © Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Әскери адамдар қызметінен кетіп, азаматтық қоғамға араласқанда команда ретінде өзара жұмыс істей алады. Бірақ айналасымен дұрыс тіл табыса алмай, бұйырып сөйлеп, қарым-қатынас орнатуда қиындыққа тап болады. Олар әбден бұйрық беріп және бұйрықты бұлжытпай орындап дағдыланған. Сол әдетті жеке өмірінде де қолданады: үйінде әйеліне, бала-шағасына бұйырып сөйлейді.

Астанада жаңадан құрылған neSPI (Әскерден кейінгі интеграция қызметі) ұйымының форумына қатысқан мамандар арнайы тренинг, семинарлар ұйымдастыру арқылы бұйырып сөйлеу «әдетін» реттеуге болатынын жеткізді.

Трансформациялық және мотивациялық жаттықтырушы Қанат Ғалиакбаровтың айтуынша, зейнетке шыққан әскери қызметкерлер өмір бойы бір жүйемен өмір сүрген. Енді сол жүйеден шығып, әлеуметке араласқанда адасуы мүмкін.

Жеке және топқа арнап тренингтер өткіземін. Жеке коуч сессиялары болады. Сонда олар іштей қандай кедергілерге тап болып жүргенін айтады. Кейбірі жұмыс таппайды. Себебі, 25 жыл әскер сапында жүрген, одан басқа ештеңе көрмеген. Бірақ ол 25 жыл бойы құр жүрген жоқ, үйренген дүниелері болады. Ал біз сол үйренген дүниесін азаматтық өмірде қалай қолдануға болатынын көрсетеміз, – дейді Қанат Ғалиакбаров.

Коучтың сөзінше, арнайы ережемен жүріп, бұйрықты бұлжытпай орындауға дағдыланған. Егер олардың «мен өзгерем» деген мақсаты болса, санасын өзгерту қиын емес. Бастысы ниеті мен мақсаты болуы керек.

«Бір ерекшелігі, олар команда ретінде жұмыс істей алады. Бірақ тіл табыса алмайды, қарым-қатынасы нашар болады. Мысалы, әскерде бірге жүргенде бір-бірін таниды, жақсы түсініседі. Бұйрық түссе болды, ол орындалуы керек. Ал еркін қоғамда олар азаматтардың тілін таба алмай қалады. «Істе» деп бұйырып айтады. Ал оны қарапайым адам қабылдай алмайды. Сол нәрсе жеке өмірінде де қайталанады. Үйінде әйеліне, бала-шағасына бұйырып сөйлейді. Олар да түсінбейді. Сосын «мені түсінбейсіңдер» деп бұлқан-та 500 Internal Server Error

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request.

Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error.

More information about this error may be available in the server error log.


Web Server at altyalash.kz