Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Шымкентте спорт және мәдениет басқармаларының экс-басшылары жауапқа тартылды

Фото: ratel.kz

Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары жауапқа тартылды,

Толығырақ айтқанда, Шымкент қаласының прокуратурасы спорт және мәдениет басқармасында DamuBala бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтірілгенін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісімен бұзушылықтар жойылып, 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылғы тамыздан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады.

Сонымен қатар сәуірден бастап 125 кәсіпкерге қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысуға damubala.kz платформасына 5 мың баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілді.

Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді және жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Батыс өңірін электрмен тұрақты қамтамасыз ету жұмысын биыл аяқтау қажет – премьер-министр

admin_altyalash

Таразда республикалық театр фестивалі басталды

admin_altyalash

Маңғыстау ауруханасы көпфункционалды кереуеттермен толықты

admin_altyalash