Алматыда BRT жолақтары қашан салынатыны белгілі болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда BRT жолақтары қашан салынатыны белгілі болды

06.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Александр Павский/ Kazinform

– Қала әкімдігі жыл басында «Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі көлік қаңқасының» шеберлік-жоспарын бекіткен болатын. Жоба аясында биыл Райымбек даңғылында BRT жолағын салу жоспарланған.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, шаһардың негізгі көшелерінің бірі – Райымбек даңғылында BRT жолақтарын салу жұмыстары шілде-тамыз айында басталады. Бекітілген жоспар бойынша бұрынғы «Ташкентский» көшесінің бойында жалпы автобус жолағының ұзындығы 17 км болмақ. Дегенмен осы жылы Райымбек даңғылының бойымен Пушкиннен Ахметов көшесіне дейін 8 шақырым жүргізу жоспарланған. BRT аралас жолақпен жүргізіледі, яғни көшенің бір бөлігінде автобус жолына шеткі сол жағы берілсе, кей бөлігінде шеткі оң жағына салынады.

Алматы қаласы Мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев көлік қаңқасының шеберлік-жоспарын таныстыру кезінде мегаполисте енді қоғамдық көлікке басымдық берілетінін атап өткен болатын.

«Осы жоба аясында автоматтандырылған бағдаршамдар орнату алдын ала қаралған. Қазіргі кезде Райымбек даңғылында қоғамдық көлік те, жеке автомобильдер де кептелісте тұрады. Ешкімге басымдық берілмеген. Сондықтан біз біртіндеп қоғамдық көлікке басымдық бермекпіз. Адамдар жеке көлігіне қарағанда автобуспен тезірек жететінін байқаса, қоғамдық көлікті пайдаланушылар көбейеді. Ал көліктердің азаюы экологияға пайдасын тигізеді», – деді басқарма басшысы.

Алматының шеберлік-жоспарында қаладағы көлік қозғалысының 40%-ын қамтитын шаһар шекарасындағы негізгі 10 бағыт көрсетілген. Бұл бағыттар бойынша күніне 310 мыңға жуық көлік қалаға кіріп-шығады. Оның ішіндегі ең үлкен көлік ағыны Алматының батыс бөлігінен келіп, Райымбек даңғылының бойынан өтеді. «Ташкент трактінен» күніне 54 мың көлік келетін көрінеді. Осыған орай, Райымбек даңғылының бойында BRT жолақтарының салынуы жолаушылардың қоғамдық көлікке ауысуы әсерінен көлік ағынын азайтуы мүмкін. Қазіргі уақытта орта есеппен жеке көлік арқылы қалаға 2 (1,7) адам келетін болса, автобус арқылы 35 жолаушы діттеген жеріне жетіп отыр. Сондай-ақ қаланың шығыс және батыс бағыттарын байланыстыратынын Райымбек даңғылында 88 маршрут бойынша 1300-ден астам автобус жүреді және күн сайын 730 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары Дана Ахатова BRT құрылысы қоғамдық көліктегі жолаушылардың көбеюіне әкелетінін айтады.

«Қаланың автобус маршруттарының 40%-дан астамы Райымбек даңғылы арқылы жүреді. Бұл аталған инфрақұрылымның қоғамдық көлік үшін маңыздылығын көрсетеді. Райымбек даңғылына BRT енгізу қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруды көздейді. Бұл өз кезегінде халықты қоғамдық көлікке отыруға ынталандыруға тиіс», – деді Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, «Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі көлік қаңқасының» шеберлік-жоспары аясында қала көлік қаңқасының 81%-ын BRT-дан құру жоспарланған. Барлығы 2030 жылға дейін Алматыда ұзындығы 296 км BRT жолағы салынады.

 Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
 Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Төрехан Сабырхан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шымкентте 77 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.