Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогына қатысатын садақшылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Мамыр 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогына қатысатын садақшылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті

10.05.2024
0
Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогына қатысатын садақшылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогы басталды,

Қазақстан кубогына алғаш рет қатысушылардың рекордтық саны – еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам үздік садақшы қатысып жатыр.

Үздік садақшылар сайысы Семей қаласындағы «Цементник» стадионында 4 нысана бойынша өтеді.

Қазақстан Республикасының Кубогы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Садақ ату федерациясы, Туризм және спорт министрлігі, Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Жарыс төрт түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы (9 оқтан 7 мүмкіндік), Қалқан нысанасы (7 оқтан 7 мүмкіндік), Жамбы нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс. Барлық спортшыға бірдей төрт нысанада бақ сынау мүмкіндігі беріледі, – деді Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Диас Ахметов.

Жарыстың алғашқы күнін 200-ге жуық ерлер, 100-ге жуық әйелдер санаты Пута нысанасы бойынша бастады. 9 оқтан 7 мүмкіндік атып болған соң, жалпы ұпайдың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 16 спортшы іріктеліп, 1/16 финалда бағын сынады.

Сонымен Пута нысанасы бойынша Ербол Тапенов (Астана қаласы), Али Сейсигюзель (Атырау қаласы), Мақсат Әбдікеримов (Шымкент қаласы), Айкөркем Батихан (Астана қаласы), Динара Жақсылықова (Астана қаласы) Ажар Төлеуқанова (Өскемен қаласы) жеңіске жетті.

Жарыс қорытындысында әр нысана бойынша ерлерге және әйелдерге 1, 2, 3-дәрежелі орын беріліп, жеңімпаздар медальдар және дипломдармен марапатталады.

Еске сала кетсек, Республикалық садақ ату федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Энергетика мамандықтарына грант санын көбейту керек – Үкімет басшысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Медиада АЭС референдумы жайлы жалған ақпарат тарап жатыр – министр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.