Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Энергетика мамандықтарына грант санын көбейту керек – Үкімет басшысы

Фото: Pexels

 – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында энергетика мамандықтарына грант санын көбейтуді тапсырды.

«Тамара Қасымқызына (вице-премьер – ред.) тиісті ведомстволармен бірге жылу және электр энергетикасы саласын кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырамын. Біз қазірдің өзінде кадр тапшылығын сезініп отырмыз. Еңбек, Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері осы саладағы еңбек нарығының ағымдағы жағдайына толық талдау жүргізіп, қажет болса тиісті мамандықтарға гранттардың санын көбейту керек. Оқу орындары жоғары білікті инженерлерді, энергетиктерді, гидротехниктерді, энергетика аудиторларын, электриктерді және басқа да мамандарды даярлап шығаруға тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов алдыңғы буындағы мамандардың білімі мен тәлім-тәжірибесін жастарға беру маңызды екенін еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Сенат депутаты ауылды дамыту бағдарламасын сынға алды

admin_altyalash

Қазақстанда 504 ауылдық елді мекен спутниктік интернетке қосылды

admin_altyalash

«Мама, я живая!» фильмі қазақстандық көрермендерге жол тартады

admin_altyalash