Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Жылыту мәселесіне атүсті қарауды доғарыңыздар – Олжас Бектенов

Фото: primeminister.kz

 – Премьер-министр Олжас Бектенов жылу нысандарын жаңғыртуда бюджет тепе-теңдігін сақтау қажеттігін айтты.

«Бұл ретте республикалық, жергілікті бюджеттерден және инвестициялық бағдарламалар аясында қаржыландырудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қазір негізінен республикалық бюджет қаражаты жұмсалып жатыр. Әкімдер Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, монополистермен жұмыс жүргізіп, қаржыландыру бойынша ең оңтайлы тетіктерді ұсынсын. Жөндеу жұмысында қауіп бар. Жергілікті жерлерде барлық әкімдердің жұмысын көріп отырмыз», – деді ол.

Премьер-министр Маңғыстау облысындағы МАЭК-тің №2 жылу орталығының қазандығын жөндеу жұмыстары 8 қаңтардан бері басталмай келе жатқанын сынады.

«Ұлытау облысы да Жезқазған жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым, жылыту маусымы бойынша штаб жұмысына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмысының барысын тікелей бақылауға алу керек», – деді Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз

admin_altyalash

«Самұрық-Қазына» қорының үшінші креативті хабы Оралда ашылды

admin_altyalash

Ұлттық жобалар: Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай өзгеріс болады

admin_altyalash