Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогы аяқталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогы аяқталды

13.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогы өз мәресіне жетті,

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам садақшы қатысты.

Жарыс Пута, Қалқан, Жамбы және командалық жарыс түріндегі 4 нысана негізінде өтті. Барлық спортшыға бірдей 4 нысанада бақ сынау мүмкіндігі берілді.

Бұл жерде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына соңғы лицензия ойнатылып жатыр. Ерлер арасындағы 6-шы лицензия үшін Али Сейсигюзель, Қасымхан Қанат және Абылайхан Қанат бақ сынады. Яғни, осы Қазақстан Кубогында кім үздік болса, лицензия сол мергенге бұйырады, – деді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Диас Ахметов.

«Алғаш садақ атуды спорт түрі ретінде қолымызға алған кезде 5-6 ғана адам бастаған едік. Қазір еліміз бойынша 5 мыңнан астам садақшы бар. Құрамадағы жас спортшыларымыздың аяқалысы өте жақсы. Малайзияда, Алматы облысында, Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. Бұл жарыстардың барлығы, әрине, біздің деңгейімізді біраз өсіріп, шеберлігімізді шыңдады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамын, – деді дәстүрлі садақ атудан Алматы облысының аға жаттықтырушысы Ахмет Мұғалов.

Сонымен, алғашқы Пута нысанасы бойынша ерлер арасында 1-орынды Ербол Тапенов (Астана қаласы), 2-орынды Али Сейсигюзель (Атырау қаласы), 3-орынды Мақсат Әбдікеримов (Шымкент қаласы) жеңіп алды. Ал әйелдер арасында 1-орын Айкөркем Батиханға (Астана қаласы), 2-орын Динара Жақсылықоваға (Астана қаласы), 3-орын Ажар Төлеуқановаға (ШҚО) бұйырды.

Қалқан нысанасында ерлер арасында 1-орынды Абылайхан Қанат (Астана), 2-орынды Қасымхан Қанат (Астана), 3-орынды Ахмет Мұғалов (Алматы облысы) иеленді. Осы нысанада әйелдер арасында 1-орыннан Динара Жақсылықова (Астана), 2-орыннан Кая Мазнева (Қарағанды), 3-орыннан Ажар Төлеуқанова (ШҚО) көрінді.

Жамбы нысанасында ерлерден 1-орынды Қасымхан Қанат (Астана), 2-орынды Азамат Нұртаев (Ақмола облысы), 3-орынды Мақсат Әбдікеримов (Шымкент) алды. Әйелдер арасында Ольга Ковалева (Қарағанды) жеңімпаз атанып, Майгүл Нұрғалиева (Астана) 2-орынды, Айкөркем Батихан (Астана) 3-орынды иеленді.

Командалық жарыста 1-орын Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырса, Маңғыстау облысы 2-орынды місе тұтты. Ұлытау облысы 3-орынға жайғасты.

Жалпы есеп бойынша, 1-орынды Астана қаласы, 2-орынды Қарағанды облысы, 3-орынды Батыс Қазақстан облысы алды.

Айта кетейік, үздік садақшылар сайысы Семей қаласындағы «Цементник» стадионында өтті. Қазақстан Кубогы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Садақ ату федерациясы, Туризм және спорт министрлігі, Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Еске сала кетейік, Республикалық садақ ату федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚМГ Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасына 60 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.