Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

Фото: gov.kz/Астана қаласының әкімдігі

Классикалық шахматтан Перудің астанасы – Лима қаласында өткен әлем чемпионатында Астана қаласының тұрғыны Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару Алтынбек қазір гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады, – делінген Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасаған әкімдіктің хабарламасында.

Оқушылар арасында классикалық шахматтан 2024 жылы әлем чемпионаты (бір партияға 90 минут және қосымша әр жүріс үшін 30 секунд беріледі) швейцариялық жүйе (9 тур) бойынша 7-ден 17 жасқа дейінгілер арасында бозбалалар (Open) жене қыздар (Girls) арасында бөлек өткізілді.

Чемпионаттың ашылу рәсімі 1 мамырда Regional Sports Village of Callao ғимаратында болып, оған Перу спорт институтының (IPD) директоры Гидо Флорес жане Перу Білім министрі Морган Керо қатысты.

Чемпионатқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия мен Моңғолияны қосқанда, 26 елден 1 174 жас шахматшы қатысып, бақ сынады.

Айару Алтынбек – 6-сыныптың үздік оқушысы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды

admin_altyalash

ҚР Ұлттық кітапханасында ұлттық библиографияға арналған халықаралық конференция өтті

admin_altyalash

ЕЛОРДАДА АКТЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТЕАТР БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

admin_altyalash